Алматыда бір тәулікте 10725 адам КВИ екпесін алды

Фото: sputnikvaccine.com
Фото: sputnikvaccine.com
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны 114 236 адамды құрайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылғы 7 қыркүйекке арналған вакцинация және коронавирус инфекцияcының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 6 қыркүйек күні жағдай бойынша коронавирус инфекциясы жұқтырған  957 адам анықталды (жергілікті), оның 915-де симптомдық белгі бар және 45 симптомсыз.

Емделіп шығарылғандар – 156, келіп түскені – 273.

Инфекциялық стационарларда (8 910 төсек-орын) жалпы саны 3940 адам (оның ішінде 113 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  362.

ӨЖЖ – 58, инвазивті емес ӨЖЖ – 149, High flow-да 170 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 8 108 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 7863, симптомсыз 245 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде КВИ вакцинасының  1-компонентін  4 679  адам, 2-компонетін 6 046  адам алды.

01.02.2021-05.09.2021 жыл аралығында қала бойынша КВИ вауцинасының 1-компонентін 891 775  адам, 2-компонентты 767 359 адам алған.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 114 236 адамды құрайды.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Новости партнеров