2021 жылғы 15 қарашаға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 14 қараша күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын 143 адам жұқтырған (жергілікті), оның 123-і симптомдық белгілері бар және 20 симптомсыз.
Емделіп шығарылғандар – 8, келіп түскені – 64.
Инфекциялық стационарларда (1 774 төсек-орын) жалпы саны 839 адам (оның ішінде 23 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 78.
ӨЖЖ – 16, инвазивті емес ӨЖЖ – 44, High flow-да 15 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 1 364 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 1 300, симптомсыз 64 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентті – 635, 2-компонетті 549 адам вакцина алды.
Биылғы 1 ақпан мен 14 қараша аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 009 925, 2-компонентті 949 661 адам вакцина алды.
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны –121 551.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 205 вакцинация бригадасында 733 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.