2021 жылдың 20 шілде күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 710 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 629 симптомдық белгілері бар және 81 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Барлық емделіп шығарылғандар – 126, келіп түскені – 367.
Инфекциялық стационарларда (5 200 төсек-орын) жалпы саны 3 055 адам (оның ішінде 212 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 209.
ӨЖЖ – 28, инвазивті емес ӨЖЖ – 64, High flow-да 81 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 5 553 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 5134, симптомсыз 419 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 2 800 адам вакцина алды.
01.02.2021-20.07.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентты 661 369 адам вакцинацияланды.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 94 058 адамды құрайды.
Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 212 вакцинация пункті жұмыс істейді. 308 вакцинация бригадасында 1 260 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.