2021 жылғы 26 тамызға арналған вакцинация және коронавирус инфекцияcның таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
25 тамыздағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтрыған 1 605 науқас тіркелді (жергілікті), оның 1512 симптомдық белгілері бар және 93 симптомсыз.
Емделіп шыққандар – 688, келіп түскені – 578.
Инфекциялық стационарларда (8 910 төсек-орын) жалпы саны 5 871 адам (оның ішінде 174 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 461.
ӨЖЖ – 26, инвазивті емес ӨЖЖ – 192, High flow-да 204 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 12 824 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 12 317, симптомсыз 507 науқас бар.
2021 жылдың 26 тамызға арналған ВАКЦИНАЦИЯ бойынша ақпарат
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентты 3 463 адам, 2-компонетты 7 219 адам вакцинацияланды.
01.02.2021-25.08.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентты 853 005 адам, 2-компонентты 699 067 адам вакцинацияланды.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 110 236 адамға жетті.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.