Премьер-министр Асқар Мамин коронавирусқа қарсы ревакцинация жасауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Міндетті түрде ревакцинация жасатамын. Тіпті осы аптада немесе келесі аптада алуға тырысамын. Маусымда бірінші «Спутник V» вакцинасын алдым, қазір Pfizer, біздің QazVac және қытай вакциналары бар. Қазір тізімі кеңейді. Кеңес аламын, әлі шешпедім. Алғашқы вакцинациядан кейін 6-8 ай қажет», – деді Мамин БАҚ өкілдерімен кездесуде.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан халқын иммундау жөніндегі консультативтік комиссиямен бірлесіп, азаматтарды коронавирусқа қарсы ревакцинациялау тәсілдерін әзірлегені хабарланды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Ревакцинацияны 6-9 айдан кейін жасау ұсынылды, оның ішінде: