|
22.06.2021 | 22:46
1058

Қанат Таймерденов: Алматылық полицейлер 100 пайыз вакцина алды

Бұл туралы ол Akimat live бағдарламасының тікелей эфирінде айтты

Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов Akimat live бағдарламасының тікелей эфирінде полиция қызметкерлерін вакцинациялау қарқыны жайында айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қанат Таймерденовтің сөзінше, Полиция департаментіндегі жеке құрам және барлық қызметкерді қосқанда 6040 адам толығымен 100 пайыз вакцинацияланған. 

«Өздеріңіз білесіздер, былтыр біз дәрігерлермен бірге блок-бекетте қызмет жасадық. Карантин кезінде, төтенше жағдай кезінде біздің қызметкерлер алдыңғы шепте болдық. 364 біздің қызметкер осы індетпен ауырып шықты. Бір қызметкеріміз, өкінішке қарай, көз жұмды. Биыл жаппай вакцинациялау басталған кезде біз бірінші болып вакцинациялауды қолға алдық. Қазіргі таңда Полиция департаментіндегі жеке құрам және барлық қызметкерді қосқанда 6040 қызметкер толығымен 100 пайыз вакцинацияланды. Ақпан айы мен наурыз айларында толығымен екі компоненті де алынды. Енді қазір біздің қызметкерлеріміздің отбасы мүшелерін де вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр», ‒ деп жауап берді Қанат Таймерденов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир