Алакөлдегі қауіпсіз демалыс: туристік полиция курорттағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

 Курорттық аймақта бейнебақылау камералары да жұмыс істейді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жазғы маусым қызған шақта Абай облысындағы Алакөл көлінің жағалауында туристік полиция қызметкерлері демалушылардың қауіпсіздігін тәулік бойы қамтамасыз етуде, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Патрульдеу жұмыстары жаяу және заманауи техникалардың көмегімен жүргізіледі. Электромобильдер, квадроциклдер мен самокаттарды пайдалану тәртіп сақшыларына жағалау аумағындағы кез келген жағдайға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.   

Полицейлер судағы қауіпсіздік мәселесіне және жағажайларда алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударады. Олар су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың басым бөлігі демалушылардың қауіпсіздік талаптарын елемеуінен болатынын еске салады. 

 Курорттық аймақта бейнебақылау камералары да жұмыс істейді. Бұл қоғамдық тәртіпті нақты уақыт режимінде бақылауға және түрлі оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді. 
 Маусым басталғалы полиция қызметкерлері адасып кеткен 10 баланы тауып, ата-аналарына табыстады.  Қабылданып жатқан кешенді шаралардың нәтижесінде жағалаудағы құқық бұзушылық деңгейі төмен күйінде сақталып, туристер өздерін қауіпсіз сезінуде.

Оқи отырыңыз: Алматыда заңсыз көше саудасына қарсы шаралар күшейтіледі