Атырауда жалған нөмір таққан 600-ге жуық жүргізуші жауапқа тартылды
Атырауда көлікке жалған номір тағып тайраңдайтын тентек жүргізушілер көбейген. Мәселен, тәртіп сақшылары жолда жүру ережесін бұзған 600-ге тарта жүргізушіні жауапқа тартты. Заңды белден басқандарды полицейлер «Жалған нөмір» профилактикалық іс-шарасы кезінде анықтаған. Сондай-ақ, бір апта ішінде 77 автокөлік арнайы тұраққа қаңтарылды. Өйткені, жүргізушілер қоғамдық орында түн тыныштығын бұзған, деп хабарлайды Almaty.tv.
"25-27 қыркүйек аралығында өткізілген Жалған номер іс шарасы кезінде жалған қолдан жасалған немесе белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін мемлекеттік тіркеу номері белгілері байланатын жүргізушілерге әкімшілік хаттама жасақталып, көліктері арнаулы тұраққа қойылды. Патрульдік полиция қызметкерлері міне бір апта ішінде түрлі құқықбұзушылыққа жол бермеу 1594 көлік құралы анықтап, 77 автокөлік арнайы автотұраққа қойылды", - деді Атырау облысы полиция Департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Аслан Жалғаспаев.
Оқи отырыңыз: Қарағандыда интернет-казиноға қатысты 415 млн теңгенің заңсыз айналымы анықталды