Киберқылмыс пен нашақорлықтың алдын алу: Алматыда түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы
Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы

Полиция қызметкерлері «Алматы Су» қызметкерлерімен кездесу өткізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы «Алматы Су» МКК қызметкерлеріне арналған «Нашақорлық пен киберқылмыстың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуін ұйымдастырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Іс-шараға Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Досболова Сулушаш Ақылбекқызы және Алматы қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция лейтенанты Пазил Айбатыр Бауржанұлы қатысты.

Кездесу барысында спикерлер есірткі қылмысының алдын алу, киберқылмыстың негізгі түрлері, интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары, жеке деректерді қорғау және цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар қатысушыларға құқықтық түсіндірмелер ұсынылып, күнделікті өмірде қолдануға болатын практикалық кеңестер айтылды.

Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан жан-жақты жауап алды.

Кездесу құқықтық сауаттылықты арттыруға, азаматтардың цифрлық қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және қоғамда заң талаптарын сақтау қағидатын дәріптеуге ықпал етті.

Оқи отырыңыз: Алматының Наурызбай ауданында жаңа мектеп-интернат пен үш балабақша салынып жатыр