Заң және тәртіп: Алматыда студенттер арасында құқықтық сайыс өтті
Интеллектуалдық ойын, шапшаңдық және дәлдік. Алматыда екі жүзден аса студент құқықтық сайыста бақ сынады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Олар «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп» қағидаттарына, сондай-ақ жаңа Конституцияның тетіктеріне қатысты зияткерлік тапсырмалар орындап, түрлі сынақтан өтті. Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарға медаль табысталды. Ал өзге қатысушыларға арнайы сертификат берілді.
«Ойын жылдың басында басталды. Осы уақытқа дейін бқаланың 10 локациясында квест ойын өткіздік. Квестке 25 жоғары оқу орны қызығушылық танытты. Бүгін финалдық кезеңі. Жүлде қоры 1 миллион теңге. Барлық командаға, барлық қатысушыларға ортақ болуы үшін жүлде қоры теңдей бөлінеді», – деді студенттер альянсының төрағасы Айболат Сембиев.
Оқи отырыңыз: Алматыда садақ атудан Қазақстан кубогының финалдық кезеңі өтеді