Қоғамдық ой-сана – отбасынан басталады. «Айтарым бар» ток-шоуы – отбасындағы түсінбестікті талқылаудан бастап, оның әлеуметтік маңызына, астарына үңіледі. Қоғамдағы келеңсіздіктерді жоюға, қалғып бара жатқан ұлттық тәрбие мен қазақтың салт-дәстүрін қайта оятуға түрткі болады. Ой толғатып, әлдебір түйткілдің түйінін іздесеңіз - «Айтарым бар» бағдарламасын көріңіз! Әр жексенбі сағат 20.00-де.