Әр таңды «Алматы» телеарнасымен бірге қарсы алсаңыз, өкінбейсіз! Себебі, әр күні таңғы сағат 7.00-ден 10.30-ға дейін біздің арнамыздан «Күліп оян» бағдарламасын тамашалай аласыз. Бұл кең ауқымды аудиторияға арналған, ақпараттық-танымдық, сазды бағдарлама. Біздің мақсатымыз – көрерменнің әр күнін көтеріңкі көңіл-күймен бастауына өз үлесімізді қосу. Ол үшін күн сайын жүргізушілер көрерменмен ғаламтор арқылы интерактивті байланысқа шығып, студия қонақтарымен қызықты сұхбат құрса, тілшілеріміз әртүрлі тақырыптағы бейнесюжеттерін көрермен назарына ұсынады.

Байланыс телефоны: 275 30 10.
Электронды пошта: utro@almaty.tv

Әр таңды күліп қарсы алайық! 

Прямой эфир