|
19.10.2018 | 15:00
1800

Елімізде араб шейхтеріне Қызыл кітапқа енген құсты атуға рұқсат берілді

Қазақстан үкіметі Қызыл кітапқа енген құсты аулауға рұқсат берді, деп хабарлайды Sputnik..

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев дуадақ аулауға қатысты қаулыға қол қойды. Бұл құжат арқылы 10 қазан мен 15 қараша аралығында арабтың төрт шейхы ғана аталмыш құсты өз сұңқарларымен аулайтын болады.

Мұндай ерекше құқыққа ие болған араб шейхтары: Халиф бен Заед әл Нахаян, Суруру Бин Мұхаммед әл Нахаян, Сеиф Бин Мұхаммед әл Нахаян (үшеуі де Біріккен Араб әмірліктерінен) және Джасем Бин Хамад Бин Халифа әл Тани (Катар елінен).

Осылардың ішінде ең көп, яғни 74 дуадақты аулауға рұқсат етілген шейх – Халиф бен Заед әл Нахаян. Шейхтер құстарды Алматы, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан аулайды.

Келтірілген мәліметтерге сенсек, бұл құстардың бағасы шейхтерге арзанға түспейді. Шамамен, бір құс атқаны үшін 620 АЕК, яғни биылғы есеп бойынша 625 мың теңге көлемінде ақша төлеуі мүмкін.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир