|
08.12.2016 | 12:44
2355

Алматы зообағында "Алькор" есімді ақ аюдың туған күні тойланды

 Алматы зообағында "Алькор" есімді ақ аюдың туған күні тойланды. Поляр мақұлығы биыл 27 жасқа толып отыр. Хайуанаттар бағының ежелгі тұрғынын алғаш болып бүлдіршіндер құттықтады.


Алькор аюы - Алматыға осыдан 26 жыл бұрын Калининград қаласынан әкелінген. Ал, былтырғы жылы зообақ қызметкерлері оны кең вольерге ауыстырған екен. Санақ бойынша, қазір әлемде поляр аюының 20 мың ғана дарасы қалыпты. Сондықтан, мақұлықтардың бұл түрі 2000 жылы "Қызыл кітапқа" енген. Алькор аюдың туған күніне орай, зообақ қызметкерлері жануарға балық пен түрлі көкөністен торт әзірлепті.                                         


«Әдетте, бақтағы ақ аюлар 20-25 жыл ғана өмір сүреді. Ал, "Алькор" 27 жасқа келіп отыр. Бұл біз үшін мақтаныш, әрине. Оған қызметкерлер дұрыс күтім жасайды. Поляр аюлары "Қызыл кітапқа" енгізілген соң, оларды қорғауымыз керек. Тіпті, ақпан айының соңында шартарапта Бүкіләлемдік ақ аюлар күні тойланады»,- деді Алматы зообағының баспасөз хатшысы, Михаил СОРОКОУМОВ.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир