|
27.12.2016 | 11:34
1201

Мемлекет басшысы РФ Президенті Владимир Путинмен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Тараптар түрлі тақырыптарды талқылай келе, екі елдің экономикасын көтеру мәселесіне тоқталды. Екі елдің көшбасшылары әсіресе Қазақстан мен Ресей байланысы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде байланыс бек түскенін атап өтті. Елбасы Еуразиялық экономикалық одақта біздің еліміздің жетекшілігінің жетістігі ретінде Кедендік кодекс келісімшартының қол қоюға дайындалғанын атап өтті. Сондай-ақ мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен әскери техникалық байланысты дамытуға ниетін білдірді. Оған қоса, Елбасы Путинді Сириядағы қақтығысқа қатысты келіссөз жүргізуге Астанадан алаң бөлуге дайын екендігін сендірді.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир