|
15.06.2017 | 12:36
1464

Сот төрағасы Жанна Бердіқұлованы өлтірген күдікті құрықталды

Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы өлі табылды. Жанна Бердіғұлованы өлтірді деген күдікпен 33 жасар Көкшетау қаласының тұрғыны құрықталды. Ол бұған дейін аса ауыр қылмыс жасағаны үшін істі болған көрінеді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша оқшаулау изоляторына тоғытылды. Айғақ заттар тәркіленіп, тергеу амалдары жалғасып жатыр. Айта кетейін, 13-ші маусым күні 46 жасар Жанна Бердіғұлованың өлі денесін Ақмола облыстық сотының көлік жүргізушісі тапқан. Марқұм ұзақ уақыт бойы телефон коңырауына жауап бермегеннен кейін, ол үйдің есігін бұзып кірген. Сот төрағасын жүргізуші жуынатын бөлмеде тапқан. Алдын ала ақпарат бойынша Жанна Бердіғұлованы тұншықтыру салдарынан қаза тапқан. Марқұмның әріптестері «судья бір аптадан кейін Алматы қалалық сотына ауысуы керек еді» - дейді. Бүгінгі таңда қанды іс бойынша бірқатар сот медициналық сараптамасы тағайындалған. Қолға түскен күдікті өз кінәсін толық мойындап отыр деген ақпарат та бар. 

«Қазір тергеу жүріп жатыр. Қазір ештеңе айта алмаймыз. Осы тергеу біткеннен кейін. Біз хабарлама береміз»,- деді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қалмұханбет ҚАСЫМОВ.





Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир