Алматыда шетелдік туристер саны артты

21.11.2023 в 12:44

Мегаполиске Ресейден келетін туристер саны көш бастап тұр

Алматыда шетелдік туристер ағыны 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 72 пайыз өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда 2023 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша туристердің жалпы саны 972 157 адамды құрады. Бұл туралы Алматы қаласы туризм басқармасы «Орталық Азия елдерінде туризмді дамыту» тақырыбындағы баспасөз конференциясы аясында хабарлады. Басқарманың мәліметі бойынша, шетелдік туристер саны - 261 571 адам, бұл өткен жылмен салыстырғанда 72,6 пайыз, ал ішкі туристер саны - 710 586, 14 пайыз өсті.

–  Туристер санының жалпы динамикасы 25,5 пайыз өскенін көрсетеді. Келушілердің ең көбі Ресейден – 39,2%, Қытайдан – 9,2%, Үндістаннан – 7%, Түркиядан – 6,6%, АҚШ – 3,4%, Оңтүстік Кореядан – 3,2%, Өзбекстаннан – 2,9%, Қырғызстаннан – 2,8%, Германиядан 2,5% келген, –  деді туризм басқармасы.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы Ганди паркі жаңарды