Өрттен кейін «Ақкент» ТК пәтерлерін жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталды

30.09.2023 в 17:04

Қазіргі уақытта тұрғын үй 100%-ға қоныстанған

«Ақкент» тұрғын үй кешенінің тұрғындары жөндеуден кейін өз пәтерлеріне қоныстанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Өрттен зардап шеккен 96 пәтердің 95-і ретке келтірілді, 1 пәтердің иесі жөндеу жұмыстарын жүргізуден бас тартты. Қазіргі уақытта тұрғын үй 100%-ға қоныстанған.

- Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша және аудан әкімдігінің қолдауымен ТЖД резервінен пәтерлерді косметикалық жөндеуге қаражат бөлінді. Құрылысшылар кабельді ауыстырып, есептеуіш  құрылғыларын орнатты, кіреберіс, лифт және қабат алаңдарын қалпына келтіру жұмыстарын толық жүргізді,  – дейді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.

Бүгін өз баспанасына қайта оралған тұрғындар құрметіне іс-шара ұйымдастырылды. Үй тұрғындарының бірі Жәнібек Құлыбаевқа аудан әкімі өз өмірін қатерге тігіп, өзгелерді құтқарғаны үшін алғыс хат табыс етті.

Инженерлік коммуникациялар мен кіреберістердің жай-күйі үшін жауапкершілікті «Ayt Housing Complex» ЖШС өз мойнына алды. Электр қуаты, сумен жабдықтау биыл 2 қыркүйегінде толығымен қалпына келтірілді.

- Әкімдік тарапынан тұрғындарға 2 айға пәтер жалдап тұруға қаржы бөлінді. Осы 2 айдың ішінде біз үйдің жалпы аумағын қалпына келтірдік – шахталар, электр кабельдері, шахталардағы есіктер алюминийге ауыстырылды, барлық кабельдер төселді, электр есептегіштері қалпына келтірілді. Жалпы алаңдарда күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ сыртқы өрт сатысы, өрт дабылы, желдеткіштер, түтін мұржалары тазартылды. Барлық жүйе жұмыс істейді, біз оны әкімдік қызметкерлерімен сынап көрдік, – деді «Ayt Housing Complex» ЖШС құрылыс компаниясының бас директоры Қанат Ералиев.

Пәтерлерді жөндеумен ақаулы актілер негізінде «Болашақ Құрылыс-S» ЖШС айналысқан. Мердігердің айтуынша, олар тұрғындар тілектерін қолда бар бюджет аясында жеке ескеруге тырысты. Жөндеу жоғарғы қабаттардан басталды. Үй тұрғындары пәтерлер дайын болған кезде оралды: 10 қыркүйекте қоныстану процесі басталды.

- Барлық пәтерлерден күйіктің иісі шығып тұрды. Сол себепті озондау технологиясы қолданылды. Яғни бұл технология пәтерлердегі ауаны белгілі бір өңдеуге әрі иісті кетіруге мүмкіндік берді. Қазір үйлердегі ауа таза, адамдар қоныстануда, барлығы риза, - дейді «Болашақ S құрылыс» ЖШС жобасының басқарушысы Сергей Ковалев.

ТЖД мәліметінше, Ақкент шағынауданындағы барлық 58 үйде өрт қауіпсіздігі тексерілді. Анықталған бұзушылықтар негізінен апаттық шығулардың бітелуімен байланысты болды. ТЖД қызметкерлері қала бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар, көппәтерлі тұрғын үйлердің иелерімен және МИБ, ПИТ өкілдерімен өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша профилактикалық көшпелі кездесулер өткізеді. Бір өкініштісі пәтер иелері баспалдақ алаңдары мен эвакуация жолдарын жауып тастаған жағдайлар әлі де тіркелуде. Сондықтан алдын алу жұмыстары жалғасуда, түсіндірме жұмыстарымен есепке алынған 1079 көпқабатты үй қамтылады.

1 тамызда Ақкент шағынауданында тұрғын үйінде өрт болды. Үйдің 300-ден астам тұрғыны эвакуацияланды. Бұған дейін Президенттің тапсырмасы бойынша 6 адам «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған болатын.

Оқи отырыңыз: Абай және Әл-Фараби даңғылындағы жол жөндеу жұмысы 60 пайыз аяқталды