|
04.05.2024 | 16:59
1465

Алматының №11 қалалық емханасында шеберлік сағаты өтті

Бұл шара мейіргерлер арасында балалардың ерте жастан дұрыс тамақтануының маңыздылығы туралы ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылды

Алматының №11 қалалық емханасында шеберлік сағаты өтті Алматы қаласы ҚДС басқармасының баспасөз қызметі

Халықаралық мейіргерлер күні қарсаңында №11 қалалық емханада «Емшек сүтімен емізу кезінде 6 айдан бастап қосымша тамақтандыруды енгізу» тақырыбында шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шара мейіргерлер арасында балалардың ерте жастан дұрыс тамақтануының маңыздылығы туралы ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Шеберлік сағатына шақырылған Алматы қаласындағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының балаларды дамыту кабинетінің мейіргерлері емшек сүтімен емізу кезінде 6 айдан бастап қосымша тамақтандыруды енгізу туралы өз тәжірибеcін және білімін бөлісті. Олар өмірдің алғашқы жылдарындағы дұрыс тамақтану баланың денсаулығының негізі болып табылатынын және оның физикалық және психикалық дамуын анықтайтынын атап өтті.

Мейіргерлер нәресте ағзасының толық дамуын қамтамасыз ету үшін 6 айдан бастап қосымша тағамдардың құрамында қандай қоректік заттар болуы керек, сондай-ақ нәрестелерге арналған тағамды дұрыс дайындау туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Олар дайындау әдістерімен және олардың алуан түрлілігі мен тағамдық құндылығы бойынша ұсыныстармен бөлісті.

Шеберлік сағаты барысында мейіргерлерге әріптестерінің пікірін білуге және жұмыс тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік беретін аудиториямен кері байланыс ұйымдастырылды.

Шеберлік сағатына №24 қалалық емхананың балаларды дамыту кабинетінің мейіргері Бағдагүл Төлебаева да қатысып, өз білімі мен тәжірибесімен бөлісті.

«Шеберлік сағаты өте мазмұнды және пайдалы болды. Шеберлік сағаты  барысында аудиториямен тұрақты байланыс орнады. Сонымен қатар, көтерілген тақырыптың барлық негізгі аспектілері дайындықпен суреттеліп, қатысушыларға ақпарат алуға және де тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік берді. Өз білімімізді жетілдіру әрқашан пайдалы, өйткені бұл біздің пациенттер – аналарға өз біліміміз бен тәжірибемізді қалай жеткізетінімізге байланысты. Мұндай іс-шаралар медициналық көмектің сапасын арттыруға және жас пациенттеріміздің денсаулығын жақсартуға септігін тигізеді. Осы іс-шараны ұйымдастырып отырған емхана басшылығына алғысымыз шексіз», - деп атап өтті.

№11 қалалық емханада өткен шеберлік сағаты мейіргерлердің біліктілігін арттыруға және балалардың дұрыс тамақтануы бойынша тәжірибе алмасуға маңызды қадам болды.

Оқи отырыңыз: Біздің басты байлығымыз - өз ісін бес саусағындай білетін білікті мамандар

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир