|
04.05.2024 | 18:19
6374

Павлодар ыстық судан ажыратылды

Мамандардың айтуынша, қаладағы инженерлік желілердің 90 пайызы тозған

Павлодар ыстық судан ажыратылды Almaty.tv

Павлодар ыстық судан ажыратылды. Қалада 1299 көпқабатты тұрғын үй бар. Қазір 1127 үйде ыстық су жоқ. Өркениеттің дамыған заманында қала тұрғындары жуыну үшін су жылытуға мәжбүр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қала тұрғыны Алтынай Уәлиева жуынар суды жылытуға мәжбүр. Зейнеткердің өзі мұндай жағдай жыл сайын қайталанады дейді. Ал жазда ыстық су мүлдем болмайды. Қақаған қыстың өзі құбырдан тек жылы су ағатын көрінеді. Азаматтардың бұған дейін мәселені айтып, бармаған жері жоқ. Бірақ, жабулы қазан жабулы күйінде қалып отыр.

– Көктем келді, сәуірде суды өшіріп тастады. Қазанға дейін су жоқ. Таңертең тұрып, жылытып жуынамын. Зейнеттегі өміріміз қазір осылай өтіп жатыр, – деді қала тұрғыны Алтынай Уәлиева.

Күн райы күрт суыған соң тұрғындар жылытқыштарды пайдалануға мәжбүр. Соның кесірінен ай сайынғы коммуналдық қызметтің құны өскен. Азаматтардың айтуынша, су жылыту құралын сатып алуға бәрінің шамасы жетпейді. Мәселені айтып, жауапты мекемеге бардық. Облыс орталығында гидравликалық сынақ жүргізген мамандар 152 құбырдың зақымдалғанын айтты. Соның салдарынан қаланың солтүстік бөлігі түгелдей ыстық судан ажыратылған.

– Магистральдік желілерде 20 және орамдық желілерде 132 ақаудың бары анықталды. Оңтүстік желілік ауданда барлығы 756 көпқабатты тұрғын үй бар. Қауіп жоқ деген ғимараттарға ыстық су беріле бастады. Соңғы ақпарға сүйенсек, 172 үйге ыстық су қосылған, – деді  «Павлодарэнерго» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Екатерина Байжұманов.

Мамандардың айтуынша, қаладағы инженерлік желілердің 90 пайызы тозған. Қазір ақау шыққан жерлер жамалып жатыр. Сондықтан ыстық сусыз отырған үйлердің қашан толықтай қалыпты өмірге оралары әлі белгісіз.

Әйгерім тоқпанқызы, Евгений Олейник, «Алматы» телеарнасы, Павлодар

Оқи отырыңыз: Жол апаты: мал шығынын кім өтейді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир