|
13.09.2021 | 10:15
3811

Алматыдан іздеген жасөспірім Тараздан табылды

Қуанышты хабарды анасы Арайлым жеткізді

Алматыдан іздеген жасөспірім Тараздан табылды ашық дереккөзден

3 қыркүйекте Жамбыл облысы,  Меркі ауданы, Ақжол ауылынан аудан орталығына кетіп, ізім-ғайым жоғалған Нұрсұлтан Танатұлы Тараздан табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай өзінің фейсбук парақшасында жазды.   

«3 қыркүйекте Ақжол ауылынан аудан орталығына кетіп, одан әрі Алматыға өтіп кеткен 13 жасар жасөспірім кеше кешке аман-сау табылды. Қуанышты хабарды анасы Арайлым жеткізді, уайымдаған барша жандарға рахмет деп қосты. Алматыдан сабылып іздеген бала Тараздан шыққан. Аттай 9 күн бойы қайда болды, қайда қонды, не жеді, не ішті, қалай табылды деген сауалдарды ата-анасы жауапсыз қалдырды... Бастысы, ұл аман, үйге оралды, ата-анасының қуанышына ортақпын, енді жоғалмасын», – деп жазады журналист.

Еске сала кетейік, 3 қыркүйекте 13 жасар жасөспірімнің жоғалып кеткені хабарланған еді. Жасөспірім Алматы жаққа кетуі мүмкін деген болжам да айтылған. Себебі ең соңғы рет оны аула сыпырушы Сайран автобекетінде көрген.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир