Жамбыл облысында 13 жастағы бала жоғалып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жасөспірім 3 қыркүйекте Жамбыл облысы, Ақжол ауылынан Меркіге шығып кеткен.
«Нұрсұлтан 3 қыркүйекте Ақжол ауылынан аудан орталығы Меркіге шыққан. Таңғы 07:30 аудандық аурухана жанынан көзімді қаратамын деп түсіп қалыпты. Жасөспірім Алматы жаққа кетуі мүмкін деген болжам бар. Себебі соңғы рет аула сыпырушы Сайран автобекетінде көріпті. Қазіргі таңда баланы ата-анасы, ауыл тұрғындары және полиция қызметкерлері іздеп жатыр», – деді журналист Арнат Байсеитов.
Жақындарының айтуынша, Нұрсұлтан ауылдан алысқа өздігінен ұзап көрмеген, теріс мінезі жоқ. Қарапайым отбасында дүниеге келген.
Айта кетейік, Қабір Нұрсұлтан Танатұлы 05.10.2007 жылы дүниеге келген. Бойы 160-170 см. Шашы қара. Үстінде ақ футболкасы, иығында қара сөмкесі, қолында көне телефоны бар.
Баланы көрген-білгендер болса +7(771) 331 30 51, +7(705) 147 07 47, 102 нөмеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.