|
05.03.2021 | 16:16
1358

Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қайтыс болды

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысының Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы кентінің маңында «Газель» мен қалааралық автобус соқтығысты. Жарақат алған үш адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

5 наурызда түнгі сағат 1-лер шамасында Қарағанды облысының Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы кентінен 30 шақырым қашықта «Алматы-Екатеринбург» автожолында «Газель» автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, «Тараз-Нұр-Сұлтан» бағытымен келе жатқан 56 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «VAN HOOL» маркалы автобуспен соқтығысқан. 

«Жол апаты салдарынан «Газель» автокөлігінің жүргізушісі мен 24 жастағы жолаушысы, сондай-ақ 37 жастағы автобустың екінші жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Жол апаты кезінде автобуста төрт жолаушы болған»,– деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі. 

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін сақтауды және жылдамдықты асырмауды ескертеді.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир