Түркістанда жоғалған 4 жасар баланың мәйіті табылды

03.12.2023 в 16:21

Сәбидің денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ

Түркістанда жоғалған 4 жасар баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше 3 желтоқсан күні үздіксіз іздестіру жұмыстарынан кейін көрші үйдің маңындағы кәріз шұңқырынан 4 жасар баланың денесі табылған.

Баланың денесіне сот-медициналық сараптама жүргізілген, зорлық-зомбылық белгілері табылмады. 

Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері, полиция департаменті мен прокуратураның басшылығы оқиғаның мән-жайы анықтап жатыр.

1 желтоқсан күні кешке Түркістан тұрғыны қала полициясына хабарласып, ойнауға шыққан 4 жасар ұлы үйіне оралмағанын айтқан.

Баланы іздеуге полицияның барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Жоғалған баланың белгілері туралы ақпарат фотосуретпен бірге барлық ауданға таратылған. Еріктілер мен жергілікті тұрғындар да көмекке жеткен.

Бақыт Айбар Алдиярұлы 2019 жылы 25 мамырда дүниеге келген. 

Оқи отырыңыз: Ұлын соңғы рет құшағына басты: өрттен қаза тапқан 19 жастағы Никита Ақтауда жерленді