Ақиқаты сол: Төреғали тоқал алатын болса, менен сұрамайды

27.11.2023 в 01:35

Толқын Тұрарбекқызы күйеуінің 4 әйел аламын деген сөзіне қатысты пікір білдірді

Әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы желідегі парақшасында жолдасының бірнеше әйел аламын деген сөзіне қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Толқын Тұрарбекқызына оқырмандары екінші әйел тақырыбына қатысты сұрақ қойған. Эстрада жұлдызы әйелінің айтуынша, әнші екінші әйел алуға рұқсат сұрауға міндетті емес.

 - Біріншіден, ол маған "тағдырыма екінші әйел алу жазылған болса, аламын, жазылмаған болса, алмаймын" деді . Екіншіден, тоқал алатын болса, менен сұрамайды. Міндетті емес. Сондықтан қарсымын ба, жоқ па, айта алмаймын. Иә, ауыр болуы мүмкін, бірақ ақиқаты сол, - деп жазды Толқын Тұрарбекқызы желідегі парақшасында.

Оқи отырыңыз:  Сарайшық қалашығынан күміс монеталар табылды