|
02.08.2017 | 12:32
1142

Біздің ел Мысырға наразылық нотасын жолдады

Біздің ел Мысырға наразылық нотасын жолдады. Қазақстан тарапы осыдан 12 күн бұрын жоғалып кеткен 6 отандасымызға қатысты ешқандай ақпарат ала алмай отыр. Әзірге, білімгерлердің қайда жүргені белгісіз. Осыған дейін оларды Мысыр елінің құзырлы орындары қамауға алғаны айтылған еді. Алайда, студенттердің қазіргі жағдайы туралы ешбір мәлімет жоқ. Біздің дипломаттар бұл мәселені шешу үшін барлық күштерін сарқып жатыр. Әзірге Мысыр тарапы біздің ел жолдаған сауалдарға үн қатқан жоқ.

«Біздің азаматтарымыз ұсталу мән жайын анықтау жөніндегі көмек көрсетеміз деген уәдесіне қарамастан жағдай өзгерген жоқ. Осыған орай, Мысырдың сыртқы істер министрлігіне ресми наразылық нотасы берілді. Осындай нота қазақстандағы Мысырдың уақытша сенімді өкіліне де табыс етілді. Біз Мысырдың ресми билігінен қазыр қазақстан азаматтарымыздың мән жайдың түсіндіруін ұсталу себептерін және консулдың қазақстанның мысырдағы елшілігінің дипломаттарының байланысуына мүмкіндің беруін батыл түрде талап етеміз»,- деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі, Әнуар ЖАЙНАҚОВ.







Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир