|
06.05.2022 | 09:34
984

Конституцияға енгізілетін өзгерістердің жобасы жарияланды

Заң жобасында Президенттікке екі мерзімнен артық сайлануға жол бермеу көзделген

Sputnik.kz

"Қазақстан Республикасына өзгерістен мен толықтырулар енгізу туралы" заңның мәтіні мемлекеттік БАҚ-та жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өзгерістер аясында жер мен оның байлығын халықтың меншігі етіп жариялау көзделген. Алайда халықтың атынан жерге мемлекет иелік етеді.

Заң жобасында өлім жазасына тыйым салу көзделген.

Сонымен қатар Конституциялық, Жоғары және де өзге судьяларға Орталық сайлау комиссиясының мүшесі және төрағасы болуға тыйым салынады. Әскери қызметкерлер, ұлттық қауіпсіздік қызметіндегілер, құқық қорғау органында қызмет ететіндерге саяси партияларға кіруге, кәсіби одақтарға тіркелуге, саяси партияның үгіт-насихат жұмысына қатысуға тыйым салынады.

Сонымен қатар заң жобасында Президенттікке екі мерзімнен артық сайлануға жол бермеу көзделген.

Заңның 34-бабында Қазақстан Республикасының Президентіне депутат болуға, құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге, өзге де ақылы қызметтерді иеленуге, кәсіпкерлікпен айналысуға, партияға тіркеулге тыйым салынады. Сонымен қатар Президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметте лауазымды иеленуге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушы қызметін атқаруға да тыйым салынады.

Сондай-ақ 91- баптан Қазақстан Республикасының негізін қалаушы, Тұңғыш Президент - Елбасы мен оның статусын алып тастау да қарастырылған.

Дереккөз: sputnik.kz

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир