|
14.11.2019 | 11:18
1485

Қантты көп тұтыну Альцгеймер мен Паркинсонға ұшыратуы мүмкін

Қантты көп тағамды тұтынған тышқанның ішектер зақымданып, иммундық реакциясы бұзылған

Қанттың тағы бір зиянды тұсы анықталды. Оны шектен тыс қабылдаудың кесірінен ішек ауруларына әкеп соғуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мұндай тұжырымды тышқандарға жүргізген зерттеулерінен кейін Канаданың Альберта университетінің ғалымдары жариялады. Зерттеу нәтижесінде, қантты көп тағамды тұтынған тышқанның ішек жолдары қатты зақымданып, иммундық реакциясы бұзылған.

Ғалымдардың айтуынша, екі-ақ күннің ішінде жоғары қант диетасындағы тышқандардың ішек өткізгіштігі күрт жоғарылап, бұл бактериялық өнімдер ішектен ағзаның басқа да органдарына зиянын тигізуі мүмкін деді. Ал, мұның салдары Альцгеймер және Паркинсон сияқты нейродегенеративті аурудың дамуына әкеп соғуы мүмкін.  

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

сахар диета
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир