Наурызбай ауданындағы мектептер мен балабақшаларда орын тапшылығы қалай шешіледі

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты

Қазіргі таңда Наурызбай ауданы мектептерінде 7 790 орын жетіспейді. Бала туу мен ішкі көшіп-қонудың жоғары деңгейіне байланысты таяу жылдары орын тапшылығы сақталатын болады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде ауданда 20 мектеп жұмыс істейді. Оның 10-ы мемлекеттік, қалғаны жеке меншік мектеп.

"Биыл 4 500 орындық 3 мектептің құрылысы аяқталады (1800 орындық 1 мектеп (BI group)  және 1 500 орындық 1 мектеп (Qazaq stroy) Қалқаман шағынауданында, 1 200 орындық 1 мектеп Шұғыла шағынауданында. Өткен жылы ауданда Ақжар және Рахат шағынаудандарында 2 жеке меншік мектеп ашылды", - деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ қала әкімі ауданда балабақшалар саны жеткіліксіз екенін атап өтті.

"Балабақшаларда 5 мыңнан аса орын тапшы. 105 мемлекеттік және жеке меншік балабақша (5 мемлекеттік және 100 жеке меншік) бар. Осы мәселені шешу үшін осы жылдың басынан бері жеке инвестицияларды тарта отырып, 400 орындық 7 жеке меншік балабақша ашылды. Жылдың соңына дейін 200 орындық тағы 5 жеке меншік балабақша ашу жоспарланған", - деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Сонымен қатар биыл Алматы қаласында спорт секцияларына қатысуға 3,2 млрд теңге, шығармашылық үйірмелерге баруға – 4 млрд теңге бөлінген. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир