|
09.04.2020 | 22:24
2756

ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мұсылман қауымға үндеу жариялады

Күллі адамзаттың амандығы үшін бір мезетте алақан жайып, дұға жасауға шақырды

muslim.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мұсылман қауымға үндеу жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бас мүфти әрбір ұлт өкілі, барша адам баласы жұдырықтай жұмылып, шын жүректен Жаратқанға жалбарынып, адамзаттың амандығын сұрайтын сындарлы сәтте тұрғанын жеткізді. Сол себепті ислам әлемінің ғұламаларын, күллі дін қайраткерлерін, дін саласының оқытушы-ұстаздары мен Құран қариларын және барша мұсылман қауымын ертең, яғни жұма күні жұма намазының уақытында «Біз біргеміз, тілегіміз – ортақ» деген игі бастама аясында күллі адамзаттың амандығы үшін бір мезетте алақан жайып, дұға жасауға шақырды.

«Әрине, бүкіл әлем халқы – Адам Ата мен Хауа ананың ұрпағы. Біз нәсілге, ұлтқа бөлінбей бірігіп бір болып, Жаратушы жалғыз Аллаға жалбарынып дұға етейік деп үндеу жарияладық. Алла Тағала сол ниетімізді, дұғамызды қабыл етсін. Дұғамызда әрине біз елдің амандығын, халықтың амандығын Алладан сұрау. Осы орайда, мен қазақ еліне, біздің халқымызға осы дұғада бірге болайық деп айтар едім. Қасиетті жұма күні жұма намазының уақытында баршамыз Аллаға қол жайып дүға етейік құрметті, ағайын! Алла дұғамызды қабыл етсін», – деді  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир