|
27.10.2021 | 07:56
1690

Алматыдан 582 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ

inform.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 26 қазан күні 23 сағат 47 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 582 шақырым қашықта, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.5, магнитудасы – 4.6. Бағыты 43.06° с.е. 84.°4 ш.б. жатыр. Тереңдігі – 15 шақырым. Жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

ауа райы
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир