|
26.03.2020 | 19:09
1620

Мәжілісте «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң жобасы» мақұлданды

Коронавирусқа байланысты Мәжіліс те жаңа жұмыс форматына көшіріледі

inbusiness.kz

Жасы 65-тен асқан депутаттар Мәжілістің отырысына қатыспайды. Бұл туралы бүгін төменгі палата отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлімдеді, Almaty.tv тілшісі.  

Коронавирусқа байланысты Мәжіліс те жаңа жұмыс форматына көшіріледі.

Мәжіліс жұмысының басым бөлігі басқа жұмыс форматына көшеді. Мұны мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин айты. Мәселен, бұдан былай жалпы отырыстарға әрбір заң жобасы бойынша тек депутаттар мен негізгі баяндамашылар қатысады. Бұл залда отырғандарды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының санитарлық нормаларына сай орналастыруға мүмкіндік бермек. Ал жасы 65-тен асқандар мәжілістің отырысына мүлдем қатыспайды. Нұрлан Нығматулин алаңдауға еш негіз жоқ, бұл тек сақтық шаралары дегенді алға тартты.

«Бүгінгі жалпы отырыс біршама өзгерген форматта өтіп жатыр. Біздің кейбір әріптестеріміз қатысып отырған жоқ, алайда алаңдаудың реті жоқ, олардың барлығы аман-есен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауына сәйкес, жасы 65-тен асқан кейбір әріптестерімізге жалпы отырысқа қатыспауға және үйлерінде болуға кеңес бердік», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан НЫҒМАТУЛИН.

Нұрлан Нығматулин фракция депутаттарының атынан төтенше жағдай кезінде елдің тұрақтылығын қамтамасыз ету және коронавирус эпидемиясының таралуына қарсы әрекет ету үшін қабылданатын шараларға қолдау білдірді. Президенттің дағдарысқа қарсы барлық тапсырмаларын орталықта да, елдімекендерде де нақты орындау қажеттілігіне баса назар аударды. Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы жоспарды қаржыландырудың тетіктерін және қаржыландыру көздерін айқындады. Енді барлық мемлекеттік аппараттың міндеті –министрден бастап маманға дейін белгіленген мақсатқа жету үшін нақты және үйлесімді жұмыстарды атқару, деді мәжіліс спикері.

«Жергілікті деңгейде салықтық преференциялар мен қолдауды қоспағанда, дағдарысқа қарсы шаралардың жалпы пакеті 4,4 трлн теңге немесе 10 млрд долларды құрайды. Осылайша Президенттің тапсырмалары Қазақстан қоғамы өмірінің барлық салаларын қамтып отыр. Басты назар әлеуметтік тұрақтылыққа аударылады», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан НЫҒМАТУЛИН.

Оқ-дәрі қоймаларының маңына құрылыс  салуға тыйым салынбақ. Осы реттегі заң жоба бірінші оқылымда мақұлданды. Оны мәжіліс депутаттары Арыс қаласындағы жан түршігерлік оқиғадан кейін әзірлеген болатын. Аталған заң жобасының негізгі нормалары арсеналдар, базалар мен қоймалардың аумақтарын тыйым салынған аймақтар және ерекше шарттарды қажет ететін жерлерге жатқызуды діттейді. Құжатпен осы бір қоймаларға еш байланысы жоқ ғимараттарды көтергені үшін әкімшілік жауапкершілік тағайындалады.

«Түзетулер тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарда шекара бекіту механизмін арсеналдар, қару-жарақ, әскери техника мен оқ-дәрілердің базалары мен қоймалары тиесілі жергілікті атқарушы органдармен, мемлекеттік органдармен кешенді түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, түзетулер оқ-дәрілерді сақтауда қандай да төтенше жағдай туындаса, тұрғындарды, азаматтық және өзге де инфрақұрылымды қорғауға қамтамасыз етеді. Жалпы алғанда заң жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды қажет етпейді»,  – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Мұхтар ЕРМАН.

Мәжілісте сондай-ақ, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасы мақұлданды. Құжатта бейбіт жиналыстарды мамандандырылған орындарда ғана өткізу қарастырылған. Бұл шараларды өткізуге ыңғайлы болуы үшін ұйымдастырушылар мен журналистерге арналған ерекше белгілер қабылданатын болады.

Салтанат Нысанбек, Ботагөз Қайырбекова, "Алматы" арнасы, Нұр-Сұлтаннан

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир