|
06.12.2021 | 09:49
833

Павлодарда екі адамды көлік қағып кетті

Соққы салдарынан екі адам да түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында көлік екі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Солүстік өндірістік аймақ көшесі, 85 мекенжайында болды.

"4 желтоқсан күні сағат 17.00-де "Ауди 100" автомашинасының 45 жастағы жүргізушісі 1983 және 1982 жылдары туған екі адамды қағып кетті. Олар жаяу жүргінші белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған", дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Соққы салдарынан екі адам да түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Полиция қызметкерлері автокөлік арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир