|
23.08.2019 | 14:33
1093

Қарағандыда бүлдіршіндерге тиіспек болған 52 жастағы педофил ұсталды

Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда ойнап жүрген бүлдіршіндерге тиіспек болған педофил қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz.

52 жастағы ер адамның қолға түскені туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

«2019 жылдың 21 тамызында сағат 14:00 шамасында 30 жастағы қала тұрғыны Киров аудандық полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреудің балаларға  азғындық әрекеттер жасауға тырысқанын айтты. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері аталған адамды полиция бөліміне жеткізді. Ол 52 жастағы қала тұрғыны болып шықты», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Аталған фактіге сәйкес, ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Дәл қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир