|
20.08.2019 | 17:04
1371

Батыс Қазақстан облысы тұрғыны 13 жасар баланы зорлап тастады

Аудан әкімдігі болған оқиғаны растап, бірақ түсініктеме беруден бас тартты

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында ер адам 13 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді.

Болған жайтты Ақжайық ауданы әкімдігі растады, деп хабарлайды Sputnik.

"Иә, ондай жағдай тіркелді. Алайда бұған қатысты түсініктеме бере алмаймын, себебі тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Ақжайық ауданының әкімі міндетін атқарушы Тілекқабыл Ғабдұшев.

Батыс Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 3-бөлімі (Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша 2 айға қамауға алыныпты.

Егер ер адамның кінәсі дәлелденсе, үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

БҚО
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир