|
25.07.2020 | 11:00
1320

Футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасады

Біріншілік 3 тамызда жалғаспақ

inbussines.kz

Футболдан Қазақстан чемпионаты 3 тамызда қайта жалғасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Футболдан Қазақстан чемпионаты 8 наурызда басталған болатын. Екі турдан кейін елімізде коронавирус пандемиясының өршуіне байланысты чемпионат кейінге шегерілді. Ал 1 шілдеде үшінші тур ойындары өтті. Одан кейін елімізде карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты біріншілік тағы да кейінге шегерілді. Ендігі кезекте Қазақстан чемпионатын Алматы қаласында өткізу жоспарланып отыр. Ойындар Алматы және оған іргелес орналасқан Талғар қалаларында өткізіледі. Осыған байланысты Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин отандық клубтарға үндеу жолдады. Онда доп додасын жалғастырудың мүмкіндігі жайында айтылған.

«Ойындар Алматы мен Талғар қалаларында өтеді. Бұл чемпионатты жалғастыру бағытындағы ең қолайлы шешім екенін айта кету керек. Ендігі кезекте отандық клубтар үшін қатынау, футболшыларды ойыннан кейін қалпына келтіру бойынша қолайлы жағдай жасалады. Оған қоса командалар уақыт пен қаржыны үнемдейді. Жеке автобусты пайдалану, бір базада тұру және өзге адамдармен қарым-қатынасты азайту жағы ескеріледі. Карантин шарттарын сақтау - эпидемиологиялық қауіпсіздік тұрғысынан дұрыс шешім», - деді Азамат Айтқожин клуб басшыларымен өткен бейнеконференцияда.

Барлық командалардың мемлекеттік органдармен келісілген санитарлық протоколдың барлық шарттарын орындауы басты назарға алынады. Футболшылар ойыннан бұрын ПТР тест тапсырады. Олардың денсаулығын бақылау әрбір клубтың медицина қызметкерлеріне жүктеледі.



Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций компания 1XBET! дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении 1XBET!

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир