|
12.06.2017 | 12:02
3753

Алматылықтар мүгедектерге арналған белгіге тұрақтамау керек

Алматылық көлік иелеріне мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы белгілерге тұрақтамауға кеңес берілді. Мүгедектер белгісін елемейтін немесе білмейтін жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында құрылған арнайы топ, әлеуметтік нысандардағы ахуалға бақылау жасады. Нәтижесінде, заң бұзған екі жүргізушіге ескерту беріліп, бір жүргізуші орнында табылмағандықтан көлігінің нөмірі шешіліп алынды. Енді көлік иесі әкімшілік полиция қызметіне жолығуға мәжбүр. 

«Біздің Алматымызда осындай фактілердің орын тудырғаны рас. Мақсат - оларды жазалау емес, ең алдымен оны жүргізушілер арасында бүгінгі заңды түсіндіру және жүргізушілердің адамдарды сыйлау құқығын көтеру. Негізгі мақсатымыз осы»,- деді «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының орынбасары, Қайым-Мұнар ТАБЕЕВ. 

Шараға мүгедектер ұйымы мен мүгедек әйелдер қауымдастығының өкілдері де келіп, көше жиегінде орналасқан арнайы тұрақтар мен жолдарға баға берді. Олардың айтуынша, елімізде мүгедектерге арналған бірыңғай нақты таңба болмағандықтан, кез келген адам арнайы белгіні сатып алып, көлігіне іліп қоя алады. Кімнің нағыз мүгедек екенін анықтау қиынға түсетінін айтады. Ал әкімшілік полиция қызметкерлерімен бірлескен тексеру жұмыстары қаланың барлық ауданында өтеді. Мүгедектер белгісіне заңсыз тұрақтаған азаматтарға 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл белгіленген.

«Өкінішке орай біздің сана-сезіміміз әлі қоғамда, қалай жұмсақтау айтсам екен, әлі төмен десек те болады. Себебі, жаңа көріп отырсыз, ерегесіп, мен білмедім деп шығады. Сондықтан, заң бәріне бір тиісті болуы керек, кім болса да. Мүгедектігі бар адамның құқығын қорғауымыз керек. Ол да оқығысы келеді, ол да киноға барғысы келеді»,- деді Мүгедектер одағының төрағасы, Әли АМАНБАЕВ.

 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир