Актуальные новости Алматы и Казахстана

Ыңғайлы мобильді
қосымшаны қолданыңыз:
cоңғы жаңалықтар, видео-материалдар және телебағдарламалар

Алматыда менталды ауытқуы бар адамдарға арнайы орталық ашылмақ

Алматыда менталды ауытқуы бар адамдарға арнап, арнайы орталық ашылмақ. Онда ақыл-есі кеміс жандарға өз еркімен өмір сүруге мүмкіндік беріледі. Өзгеше айтсақ, кінәратты адамдарды жындыханаларға тоғыта бермей, арасында жұмысқа қабілеттілерін іріктеу көзделуде. Әзірге, ондай орталық жалғыз болады. Тиімділігін көрсетсе, саны көбейеді.  Тың бастама, әуелі менталды ауытқуы бар адамдарды қоғамға бейімдеуге септеседі. Екінші тұрғыдан - бюджеттен қаражаты үнемделеді.                                        

«Менталды ауытқуы бар адамдардың дені -  жындыханаларға тоғытылады. Сөйтіп, оларға күтушілер қызмет көрсетеді. Ішер асын дайындайды, бөлмелерін тазартып, лас киімдеріне дейін жуып береді. Ол үшін мемлекеттен әлгі қызметкерлерге ақы төленеді. Ал, арнайы орталық ашылса, ақыл-есі кеміс жандар әуелде айтқан жұмыстардың барлығын өздері атқарады. Тіпті, қызмет тауып, қоғамға бейімделеді», - деді «Рух» қоғамдық бірлестігінің президенті Алма БЕКПАН.