Стамбұлда Абай алаңы ашылды

instagram.com/love_is_istanbul
instagram.com/love_is_istanbul
Бұл – екі халықтың достығы мен бірлігінің тағы бір символы іспетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркияның Стамбұл қаласында ұлы ақын, ағартушы, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының құрметіне алаңы ашылып, бюсті қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv  

Алаң өткен ғасырдың 50-жылдары этникалық қазақтар қоныс аударған Зейтинбурну ауданында орналасқан.

Ашылу салтанатында арнайы концерт ұйымдастырылды. Абайдың әндері орындалып, өлеңдері оқылды. Ұлттық киім киген домбырашылар күй орындап, қонақтардың көңілін көтерді.

Стамбұлда тұратын отандасымыз Индира өзінің Instagram парақшасында ашылу салтанатына келген қазақтардың көбі ұлттық киімде келгенін айтады.

«Алаңның ашылуына қазақтардың қарасы көп болды. Әрине, бұл жақта қазақтар көп екенін білетінмін, бірақ мұншалықты көп екенін білмеппін. Көбі ұлттық киіммен келді, өзімді Қазақстанда жүргендей сезіндім. Біз үшін осындай маңызды іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқандардың бәріне, келушілерге рахмет! Мен ризамын», – деп жазды ол.

Новости партнеров