Зардап шеккендер бар: Астанада кафеде жарылыс болды

МЧС РК
МЧС РК

Оқиға салдарынан ғимарат қирап қалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада кафеде болған жарылыстан тұрғын үйдің қабырғасы опырылып құлап түсті. Оқиға салдарынан 6 адам зардап шекті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Алматы ауданының Ақыртас көшесінің бойында 2 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған кафеде газ баллоны жарылып, соның салдарынан ғимарат қабырғасы қирап қалды және өрт шықты», - делінген хабарламада.

Қираған аумақ шамамен 60 шаршы метр, өрт 15 шаршы метрге жайылған.

«Қазіргі кезде өрт сөндірілді. 6 адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. ТЖМ күштері қауіпсіз жерге көлемі 50 литр болатын 4 тұрмыстық газ баллонын шығарды», - делінген хабарламада.

Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері үйінділерді бұзу жұмыстарын жүргізіп жатыр.  

Оқи отырыңыз: Атырауда ер адам жаяу жүргіншілер көпірінен секіріп кеткен

Новости партнеров