Наурызбай ауданындағы бірнеше шағынауданда суық су уақытша тоқтатылады

freepik.com
freepik.com
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Наурызбай ауданында түнде бірқатар шағынаудан суық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Наурызбай ауданының бірнеше тұрғын алабы сүзгі станциясын салу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде түнде суық су ажыратылады.

18 мамырдан 19 мамырға қарағанда түнде сағат 22:00-ден 03:00-ке дейін Ақжар, Тастыбұлақ, Таужолы шағынауданының аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.

"Алматы су" МКК уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрайды.

Новости партнеров