Алматының бірнеше шағынауданы суық судан уақытша ажыратылады

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Су технологиялық жабдық ауыстырылатындықтан уақытша өшеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының екі ауданындағы бірнеше тұрғын үй алабы технологиялық жабдықты жоспарлы ауыстыруға байланысты бір күнге суық сумен жабдықтаудан ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«17 мамырда сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін Медеу ауданының Атырау-1, 2, 3 шағынаудандарындағы тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.

18 мамырда сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін Әуезов ауданының «Таугүл-1» шағынауданы №44-52, «Таугүл-2» шағынауданы №1-4, 7-9, 12-14, 21-30, 36-40, 95-97 үйлерінде су беру уақытша тоқтатылады. Уақытша қолайсыздыққа шыдамдылық танытуларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Новости партнеров