|
27.04.2024 | 16:06
764

Алматыда танымал адамдар «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ағаш отырғызды

Ағаштарды отырғызу кезінде екі жерден онлайн трансляция жүргізілді

Алматыда танымал адамдар «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ағаш отырғызды қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда эстрада және кино жұлдыздары, атақты спортшылар, бизнес өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен қала тұрғындары алма ағашын отырғызуға қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаланың әртүрлі аудандарында алма бағын отырғызу мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтуде.

Бокстан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Еділов Тұрсынғали қала тұрғындарын тазалықты сақтап, қаланы гүлдендіруге тек сенбілік күндері ғана емес, тұрақты негізде жүргізуге шақырды.

«Қала әрқашан жасыл болуы үшін ағаштарға күтім жасайық. Бүгін біз Медеу ауданында ағаш отырғыздық. Көп ұзамай қала тұрғындары осы сұлулықты тамашалайтын болады деген сенемін», - деді ол.

«Алматы - бақша қала» акциясының аясында барлығы 8 205 жасыл желек отырғызылды. Соның ішінде 4 515 жеміс, 1 090 жапырақты ағаш пен 2 600 бұта бар.

Ағаштарды отырғызу кезінде екі жерден онлайн трансляция жүргізілді: ALA саябағы мен Қарағай орманы.

Естеріңізге сала кетейік, мегаполисте 8 сәуірде басталған «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны жалғасуда.

Оқи отырыңыз: «Алматы – бақ қала»: қазақстандық жұлдыздар жаппай алма ағашын отырғызуға атсалысты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир