|
05.07.2024 | 16:32
349

Алматы әуежайында музей ашылады

Бұл туралы бүгін өткен қоғамдық талқылауда белгілі болды

Алматы әуежайында музей ашылады Almaty.tv

Алматының әуежайында музей ашылады. Бұл туралы бүгін өткен қоғамдық талқылауда белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оны жаңа халықаралық терминалдан ашу жоспарланған екен. 100 шаршы метр аумақта ұйымдастырылатын мәдени орын келушілерді биыл қыркүйек айында қабылдай бастайды.

Айта кетейік, мұражай Алматының алғашқы әуежайының тарихи келбетін сақтай отырып салынған. Онда маңызды құжаттар қойылып, әуе айлағының тарихынан сыр шертетін деректі фильм көрсетіледі. Сондай-ақ  бүгін тақырып аясында қоғамдық кеңес мүшелері өз ұсынысын айтты.

«Бүгін қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп отырмыз. Әуежай музейіне қатысты қандай да бір ұсыныстары болса, соны бізге жеткізсе деп бүгінгі іс-шараны ұйымдастырдық. Сондай-ақ  мүмкін қала тұрғындарында әуежайға қатысты мұрағаттағы құжаттар бар шығар. Соларды мұражайға қойғымыз келеді», – деді Алматы халықаралық әуежайының бөлім басшысы Юлия Аллахвердиева.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында сел қаупін төндіретін 18 өзен бақылауға алынды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир