Жамбыл облысында сел қаупі бар 18 өзен анықталды. Олар тасыса, қарғын су 10 мыңға жуық тұрғын қоныстанған елдімекендерге жетуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал, ол ауылдарда 2000-ға жуық түрлі нысан бар. Арнайы карта бойынша әсіресе, таулы аймақ саналатын Меркі және Тұрар Рысқұлов ауданында қауіпті өзендер көп. Мамандар дәл қазір алаңдауға еш негіз жоқ дегенімен, күн көзі күрт ысып, жаңбыр тоқтаусыз жауса, қар жамылғылары еруі мүмкін. Қазір өңірдегі сегіз су бекеті арқылы өзендер деңгейі мен ағын жылдамдығы бақылауға алынды. Сондай-ақ судың механикалық құрамы да жіті тексеріліп жатыр.
«Меркі, Асапара шатқалдары өте қауіпті. Себебі Меркіде жоғары деңгейде орналасқан, сел қаупін төндіретін 5 мұзды көл бар. Ал Аспарада 10 мұзды көл бар», – деді «Қазселден қорғау» ММ жамбыл аумақтық пайдалану басқармасы филиалының басшысы Сұлтан Ақбердиев.
Оқи отырыңыз: Ескі құбырды ауыстыру үшін Тоқтабаев көшесіндегі қозғалыс шектеледі