|
19.04.2024 | 16:43
1437

Алматы мектептерінде балалар 500-ден астам ағаш пен 20 мың гүл отырғызды

"Мектеп ауласының оазисі" үздік жобаларының жеңімпаздары «Қызғалдақтар» фестивалінде марапатталады

Алматы мектептерінде балалар 500-ден астам ағаш пен 20 мың гүл отырғызды Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында барлық оқу орындарында «Мектеп ауласының оазисі» ландшафт дизайн фестивалі өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

215 мектептің аулаларында абаттандыру жұмыстары аясында 5-11 сынып оқушылары 20 мың гүл, 430-дан астам жеміс ағаштары, 200-ден астам туи ағашын отырғызды.

Оқушылар оқу ғимараттарының аулаларын әдемі және тартымды ету үшін белсенді жұмыс жасады.

- Біз көп уақытымызды мектепте өткіземіз, сондықтан ауламыздың әдемі және көзтартарлық болуы өте маңызды. Біз өзіміз отырғызған, суарған және күткен гүлдер мен ағаштардың өсіп жатқанын көргенде қуанамыз. Оларды көру үшін күн сайын мектепке асығамыз, - деді № 199 мамандандырылған гимназия оқушысы Лия Агентова.

"Мектеп ауласының оазисі" үздік жобаларының жеңімпаздары 24 сәуірде Студенттер сарайындағы экология және биология орталығында өтетін «Қызғалдақтар» фестивалінде марапатталады.

Мектеп ауласы-бұл оқу орнының көрсетілім картасы. Оның сыртқы түрі мектепке келуші жақсы әсер етуі тиіс.

Мектептің сауатты және қызықты көгалдандырылған ауласы оның оқушылары мен мұғалімдерінің беделін арттырады, барлығының көңіл-күйін көтереді. Сондай-ақ адам денсаулығына оң әсер етеді.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.

Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.

Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Оқи отырыңыз: Үлкендердің батасын алды: қоршаулар мен қақпа сырланды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир