|
27.04.2024 | 17:15
971

Бақ қаланы жаңғырту: Алмалы ауданында 80 алма ағашы және 850 бұта көшеті отырғызылды

Тұрғындар «Алматы - бақ қала» акциясы аясына қатысты

Бақ қаланы жаңғырту: Алмалы ауданында 80 алма ағашы және 850 бұта көшеті отырғызылды қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұлыңғыр ауа райына қарамастан Алмалы ауданының тұрғындары «Алматы - бақ қала» акциясы аясында көшет отырғызуға белсенді қатысып, мерекелік көңіл-күйде болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ганди атындағы саябақ, Варламов көшесінен Волховская көшесіне дейінгі Төле би көшесінің бойындағы аумақ, Байтұрсынов атындағы сквер мен «Қарағайлы» сквері сынды ауданның төрт жерінде 850 көпжылдық сәндік бұталар мен 80 алма көшеті отырғызылды.

«Біз үшін бұл ағаш отырғызу, скверді көркейтуде тамаша мүмкіндік, өйткені көрші үйде тұрамыз. Балаларды игі іске баулимыз, себебі бізден кейін жақсы, жаңа, әдемі нәрсе қалуы керек қой!» - деді жергілікті тұрғын Елена Симонова.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өтетін бұл іс-шараға аудан жастары, Алматы апортын жандандыруды айтып жүрген қоғам қайраткерлері белсенді қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, «Алматы – бақ қала» акциясы барысында 8 мыңнан астам ағаш отырғызылды, оның 4 мыңнан астамы алма. «Қарағайлы орманы» саябағының аумағында 500 алма және өрік көшеті, «ALA» саябағының аумағында 2270 көшет және Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңында 1000-ға жуық көшет отырғызылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир