|
27.04.2024 | 18:55
2069

Алматының Алатау ауданында жаңа алма бақтары пайда болды

Алматы әкімі Ерболат Досаев дәстүр бойынша тұрғындармен бірге алма ағашын отырғызды

Алматының Алатау ауданында жаңа алма бақтары пайда болды пресс-служба акима Алматы

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында «Алматы – бақ қала» акциясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Негізінен көшеттер Саялы шағын ауданындағы Қарағайлы орманға, «ALA» саябағында және Боралдай өзенінің бойында бақылау алаңының жаны сынды Алатау ауданындағы үш жерге егілді.

Қарағайлы орманындағы акцияға Алматы әкімі Ерболат Досаев қатысты. Тұрғындар мен экобелсенділермен бірге ҮАК бойындағы саябаққа 500 алма және 500 өрік көшеті отырғызылды. Ал «АLA» саябағының аумағында 2270 көшет отырғызылды.

Іс - шараға «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистерімен қатар, Әлішер Кәрімов, Анар Батырхан, Мәдина Сәдуақасова және т.б. 1500-ден астам қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысты.

Скрипкашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмилә Серкебаева бұл акция адамдарды қаламызды көгалдандыру және таза ұстау идеясының төңірегінде біріктіргенін және ол дәстүрге айналуға тиіс екенін атап өтті.

- Алматы қаласы әкімдігіне экологиялық іс-шараны ұйымдастырғаны үшін көп рахмет. Өте жақсы ұйымдастырылған, алматылықтар осы игі іске шын ықыласымен қатысып жатыр. Ағаш отырғызуға менің көптеген әріптесім, шығармашылық адамдар, сондай-ақ қаланың әртүрлі ұйымының өкілдері атсалысты. Бұл мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін цирк, хайуанаттар бағының, кітапханалардың, музейлердің, оркестрлердің қызметкерлері мен артистері. Бәріміз акцияны қолдауға келдік. Ең бастысы, біз қаламызды өте жақсы көреміз және оның бұрынғыдан да жасыл әрі таза болғанын қалаймыз. «Алматы – біздің ортақ үйіміз» керемет науқан, - деп сөзін түйіндеді артист.

Студент, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Рауан Есжанов Алматы қаласы әкімдігіне осындай маңызды оқиғаны өткізгені үшін ризашылығын білдірді. 

- Бұл акция жастар мен өскелең ұрпақ үшін үлгі болғандықтан, ағаштарды отырғызып қана қоймай, одан әрі табиғатқа қамқорлық жасау да маңызды. Аға буынмен бірге ағаш отырғызуға қатысқандарыңыз үшін рахмет, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, акция барысында 8 мыңнан астам ағаш отырғызылды, оның ішінде 4 мыңнан астамы алма. «Қарағайлы орманы» саябағының аумағында 500 алма және өрік көшеті, «ALA» саябағының аумағында 2270 көшет және Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңында 1000-ға жуық көшет отырғызылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир