|
26.04.2024 | 19:56
481

Алматы - біздің ортақ үйіміз: мектеп түлектері ағаш отырғызды

Алатау ауданындағы № 181 мектеп ауласында жасыл желек көбейді

Алматы - біздің ортақ үйіміз: мектеп түлектері ағаш отырғызды Almaty.tv

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» тазалық науқанын мектеп оқушылары да белсенді қолдап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алатау ауданындағы №181 мектептің түлектері мен ұстаздары айналаға көшет егіп, жасыл желекті көбейтті.

– «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы барысында Ақкент ықшамауданында №181 мектептің 2024  жылғы түлектері көгалдандыру мақсатында ағаш отырғыздық. Жыл сайын мектепке келгенде бір бөлшегімізді осы жерден көру мақсат болды, – деді №181 жалпы білім беретін мектептің түлегі Нұрай Барахан.

– «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында мектеп бітіруші 139 түлек ағаш отырғызды. Қаламыздың көркеюіне, өсуіне мектеп бітіруші түлектердің қосқан үлесі деп ойлаймын. Қаланы таза ұстау, қаланы сақтау – әрбір тұрғынның міндеті, – деді №181 жалпы білім беретін мектептің директоры Жеңісгүл Сатаева.

Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа демалыс аймағы пайда болады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир