|
26.04.2024 | 17:46
1547

Алматыда алма бақтарына ағаш отырғызу онлайн режимде көрсетіледі

Қаланың әр аймағындағы өзіңізге ыңғайлы кез келген жерден ағаш отырғызуға қатыса аласыз

Алматыда алма бақтарына ағаш отырғызу онлайн режимде көрсетіледі Фото: elements.envato.com

Алматыда 27 сәуірде алма көшеттерін жаппай отырғызу кезінде бақтан онлайн көрсетілім ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімі Sergek Group бірге ұйымдастырған трансляцияны Almaty.gov.kz ресми сайтынан көруге болады. Трансляцияны ALA саябағы мен Қарағайлы орманынан екі камера түсіреді.

Қаланың әр аймағындағы өзіңізге ыңғайлы кез келген жерден ағаш отырғызуға қатыса аласыз. "Ағаш отырғызу орнын"  2GIS сервисінен табуға болады.

Ағаш отырғызатын орындарды Almaty.kz сайтынан да көруге болады..

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда жаппай алма ағаштарын отырғызып, алма бағын құру 27 сәуірде сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін “Алматы - біздің ортақ үйіміз” науқаны кезінде “Алматы - бақ қала” акциясы аясында өтеді. 7705 жасыл желек, оның 4015 жеміс (3855 алма ағашы) және 1090 жапырақты ағаш, 2600 бұта отырғызылады.

Оқи отырыңыз: Алматы - біздің ортақ үйіміз: мектеп түлектері ағаш отырғызды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир